«Минералды тыңайтқыштарды өндіру» бағыты бойынша «Бейорганикалық заттар технологиясы» бағдарламасына мектеп, лицей және колледж түлектерін, сонымен қатар бірінші және екінші курсты бітірген студенттерді шақырамыз.
Бұл химия өнеркәсібіндегі ТМД-дағы бірінші желілік кампустың жаңа білім беру бағдарламасы.

«Минералды тыңайтқыштарды өндіру» бағыты бойынша «Бейорганикалық заттар технологиясы» бағдарламасы туралы

Жоба туралы «Қазфосфат» ЖШС топ-басшылығы

«Қазфосфат» ЖШС – Қазақстан аумағындағы бірегей компания, оның иелігінде темір жол көлігі кешенінің өз құралдарымен фосфаттарды өндіруден бастап жеткізуге және оларды түпкілікті өнімге дейін өңдеуге дейінгі толық желісі бар.
Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық жұмыстарды барлау, фосфорит кенін өндіру және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы тыңайтқыштар мен жемдік фосфаттарды өндіру және сату, минералды шикізат негізінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру.

Оқу бағдарламасы

Бағдарлама туралы
_______Желілік оқыту формасы жоғары деңгейлі білім алуға мүмкіндік беріп, Ресей химия-техникалық университетінің жетекші оқытушыларының лекциялары мен семинарларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Д.И. Менделеев – Ресей химия өнеркәсібінің тірек университеті, сонымен қатар материалдық-техникалық ресурстары, зертханалары, оқу және ғылыми орталықтарының инфрақұрылымына. Химиялық және химиялық-технологиялық бейіндегі пәндерді Д.И.Менделеев атындағы РХТУ және М.Х.Дулати атындағы ТарРУ жетекші оқытушылары жүргізеді.
_______Бағдарлама арқылы сіз бейорганикалық синтездің физика-химиялық және технологиялық негіздері, функционалдық материалдар (катализаторлар мен адсорбенттер), тыңайтқыштар, реактивтер және ерекше таза заттар өндірісі туралы терең білім алып қана қоймай, сондай-ақ бейорганикалық синтез туралы және шикізатты ұтымды өңдеп, қоршаған ортаны қалай қорғау керектігі жайлы терең білім аласыз.

Біздің бағдарламаның басқа университеттердің аналогынан немесе ұқсас бағдарламаларынан айырмашылығы неде?
  • Біз негізгі бейорганикалық синтез бен қоршаған ортаны қорғауға арналған каталитикалық процестерді, сондай-ақ осы процестер үшін қолданылатын катализаторлар технологиясын зерттеуге ерекше назар аударамыз. Сіз тиімділігі жоғары катализаторлар мен жаңа буынды адсорбенттерді алу, сонымен қатар өндірістік мәселелерді шешу және қоршаған ортаны қорғауға арналған наноқұрылымдық процестерін зерттейсіз.
«Бейорганикалық заттар технологиясы» бағдарламасының түлегі «Қазфосфат» ЖШС-не бәсекеге қабілетті жалақымен, сонымен қатар мансап Жоспары мен Жеке Даму Жоспарымен кепілдендірілген жұмыс орнына қол жеткізе алады.

Химия өнеркәсібі саласындағы ТМД-дағы алғашқы желілік кампус жаңа білім мен толымды диалогқа ашық белсенді, өршіл, талапкер жастарды күтуде.

Бағдарламаның түлектері:
- зерттеу тақырыбы, әдістемелерді таңдау және ғылыми зерттеу құралдары бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және жүйелей алады;
- заманауи құралдар мен әдістерді қолдану, эксперименттер мен сынақтарды ұйымдастыру, оларды өңдеу және нәтижелерін талдай алады;
- кәсіби өндірістік міндеттерді шешуді жүзеге асыру – технологиялық процесті бақылау, өндіріс нормаларын, материалдарды, дайындаманы, отын мен электр энергиясын тұтынудың технологиялық нормативтерін әзірлеу, жабдықтау мен технологиялық жабдықтарды таңдай алады;
- технологиялық процесті жетілдіруге дайындығын көрсету - шикізатты кешенді пайдалану іс-шараларын әзірлеу, тапшы материалдарды ауыстыру және өндіріс қалдықтарын жою жолдарын іздей алады;
- тиімділігін бағалап, өндіріске жаңа технологияларды енгізе алады;
- жобаларға технологиялық және техникалық есептеулерді жүргізе алады;
- әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлей алады.

Талапкерлерге

Бірінші курста қандай сабақтарға/пәндерге аса назар аударылады және неге?
  • Бірінші курстың негізгі пәндері – жалпы және бейорганикалық химия, инженерия және компьютерлік графика, математика, шет тілі және физика.
Бірінші жылы практикалық/зертханалық сабақтар бар ма?
  • Иә, бірінші курста бейорганикалық химиядан зертханалық сабақтар болады.
Бірінші курс бағдарламасында қандай үміткерлер күтілуде?
  • Біз көп оқуға және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үздік ғалымдары мен практиктерінің білімі мен тәжірибесін қызығушылықпен қабылдауға дайын, мақсатты және ізденімпаз жастарды күтеміз.

Екінші курсқа түсетін үміткерлерге

_______«Химия» немесе «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бірінші курсты аяқтаған студенттерді бақтарын сынап, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» білім беру бағдарламасының «Минералды тыңайтқыштар өндірісі» бағыты бойынша екінші курсқа түсуге шақырамыз.
_______Бағдарламада «Химия» немесе «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы немесе оқу бағыты бойынша бірінші курсты бітірген студентті мемлекеттік грантты сақтаумен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне (Тараз қ.) қашықтықтан оқып, аударылу мүмкіндігін береді.

Екінші курста қандай сабақтарға/пәндерге аса назар аударылады және неге?
  • Екінші курста негізгі пәндер: органикалық химия, математика, бейорганикалық заттар технологиясының теориялық негіздері, физикалық химия, аналитикалық химия.
Бағдарламаның аналогы мен ұқсас бағдарламалардан артықшылығы қандай?
  • Біз негізгі бейорганикалық синтез бен қоршаған ортаны қорғауға арналған каталитикалық процестерді, сондай-ақ осы процестер үшін қолданылатын катализаторлар технологиясын зерттеуге ерекше назар аударамыз. Тиімділігі жоғары катализаторлар мен жаңа буынды адсорбенттерді алу, сонымен қатар өндірістік мәселелерді шешу және қоршаған ортаны қорғауға арналған наноқұрылымдық процестері қаралады.
Бұл бағдарламаға басқа университеттен ауысудың мағынасы бар ма, оның ерекшелігі неде?
  • Сіз бейорганикалық синтездің физика-химиялық және технологиялық негіздері, функционалдық материалдарды алу процестері (катализаторлар мен адсорбенттер), тыңайтқыштар туралы білім ғана емес, сонымен қатар шикізатты ұтымды өңдеу, қоршаған ортаны қорғау туралы терең білім аласыз.

Үшінші курсқа түсетін үміткерлерге

_______«Химия» немесе «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша екінші курсты аяқтаған студенттерді бақтарын сынап, «Бейорганикалық заттардың технологиясы» білім беру бағдарламасының «Минералды тыңайтқыштар өндірісі» бағыты бойынша үшінші курсқа түсуге шақырамыз.
_______Бағдарламада «Химия» немесе «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы немесе оқу бағыты бойынша бірінші курсты бітірген студентті мемлекеттік грантты сақтаумен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне (Тараз қ.) 2023ж. қыркүйек айынан бастап қашықтықтан оқып, аударылу мүмкіндігін береді.

_______«Қазфосфат» ЖШС компаниясы бағдарламаның әрбір студентін баспанамен қамтамасыз етіп, бүкіл оқу жылына корпоративтік шәкіртақы бөледі.

Үшінші курста қандай сабақтарға/пәндерге аса назар аударылады және неге?
  • Үшінші курстың негізгі пәндері: физикалық химия, коллоидтық химия, химиялық технологияның процестері мен аппараттары, бейорганикалық заттардың технологиясы: каталитикалық процестер, бейорганикалық функционалды материалдардың технологиясы: катализаторлар мен адсорбенттер, бейорганикалық заттар технологиясындағы тәжірибелік зерттеулердің негіздері, реагенттердің және аса таза заттардың химиялық технологиясымен таныстыру, бейорганикалық заттардың технологиясында адсорбциялау.

Үшінші курста теория мен практиканың ара салмағы қандай?
  • Сабақтардың шамамен үштен бірі практикалық, сонымен қатар заманауи жабдықталған зертханаларда.

Бұл бағдарламаға басқа университеттен ауысудың мағынасы бар ма, оның ерекшелігі неде?
  • Сіз бейорганикалық синтездің физика-химиялық және технологиялық негіздері, функционалдық материалдарды алу процестері (катализаторлар мен адсорбенттер), тыңайтқыштар туралы білім ғана емес, сонымен қатар шикізатты ұтымды өңдеу, қоршаған ортаны қорғау туралы терең білім аласыз.
Толығырақ оқу
_______М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 60 жылдан астам уақыт бұрын (1958) құрылған және сол уақыттан бері еліміздегі ең жақсы көпсалалы университеттердің бірі ретінде өзін танытты. Бүгінгі күні Дулати университетінде заманауи оқу ғимараттары, ғылыми және оқу зертханалары, спорт кешендері, жатақханалар, кітапханалар бар дамыған инфрақұрылымы бар. Қазіргі уақытта университеттің инфрақұрылымы 2 институт пен 5 факультетті қамтиды. Профессорлық-педагогикалық ұжым өз білімін үнемі жетілдіріп, оқытудың ең заманауи әдістерін қолданатын білікті де тәжірибелі мамандардан тұрады.

DULATY UNIVERSITY

_______ Университет контингенті үш деңгей бойынша оқитын 14 000-нан астам студенттерден тұрады.
_______Дулати университеті бакалавриат, магистратура және докторантураның үш деңгейінде жалпы саны 189 білім беру бағдарламасы бар мамандықтардың кең спектрін ұсынады. Дулати университеті бакалавриат, магистратура және докторантураның үш деңгейінде жалпы саны 189 білім беру бағдарламасы бар мамандықтардың кең спектрін ұсынады.
Толығырақ оқу
_______Д.И. Менделеев атындағы Ресей химиялық технология университеті (Д.И. Менделеев атындағы РХТУ) — федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны, химиялық технология саласындағы ең ірі ресейлік оқу және ғылыми орталығы. РХТУ екі филиалы бар - Новомосковскта және Ташкентте (Өзбекстан).
_______Университеттің тарихы 1898 жылы құрылған Мәскеу индустриалды училищесінен бастау алады. 2023 жылы университет өзінің 125 жылдығын атап өтеді. Мамандарды даярлау бағыттары әртүрлі салалардағы химия өнеркәсібіне қатысты, соның ішінде мұнай химиясы, биотехнология, химиялық инженерия, химиялық-фармацевтикалық технологиялар, өнеркәсіптік экология, заманауи энергетика, нанотехнология және т.б. Менделеев атындағы РХТУ.

Менделеев атындағы РХТУ

_______Д.И. Менделеев атындағы РХТУ талапкерлерді тарту үшін әртүрлі білім беру жобаларын пайдаланады. Осылайша, бірқатар мектептерде «Менделеев сыныптары» университетіне дейінгі дайындық жұмыс істейді, ал кең аудиторияға Mendeleev Халықаралық бизнес академиясында қосымша білім беру бағдарламалары қолжетімді.
_______ Менделеев университеті ғылыми және инновациялық қызметпен айналысады, федералдық мақсатты бағдарламалардың жобаларын жүзеге асырады, ғылыми қорлардан гранттар бөледі, тұрақты даму үшін жаңа технологияларды жасап, болашақ технология көшбасшыларын дайындайды. 2021 жылдан бастап Менделеев университеті «Аумақтық және/немесе салалық көшбасшылық» бағыты бойынша «Приоритет 2030» бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Жас мамандарымыздың тәжірибесімен танысыңыз

KYPP жобасы (Kazphosphate Young Proffesionals Programm) Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін «Қазфосфат» ЖШС филиалдарында әрі қарай жұмысқа орналасу үшін ұзақ мерзімді тағылымдамадан өту бағдарламасы болып табылады.
Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аясында біздің қызметкерлер "ОХК «Уралхим» АҚ тәжірибе алмасу бағдарламасынан өтеді.

Бізге қосылып, сұранысқа ие маман болғыңыз келе ме?
Сұрақтар мен консультацияларға арналған бағдарлама кураторларының байланыстары
Муканова Акмарал
+7(701) 757 05 51
edu@kpp.kz